36,8 градус ыстық: Астанада 85 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

36,8 градус ыстық: Астанада 85 жыл бұрынғы рекорд жаңарды Фото:depositphotos.com/ Curioso_Travel_Photography

Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рекорд 23 маусымда тіркелді

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 23 маусымда Астанада осы күнге арналған жаңа температуралық рекорд орнатылды. Ауа температурасы +36,8 градусқа дейін көтерілді.

Жарнама
Жарнама

Мамандардың дерегі бойынша, 23 маусымдағы бұрынғы рекорд +36,4 градусты құрап, ол 1941 жылы тіркелген болатын. Осылайша, жаңа көрсеткіш тарихи мәннен 0,4 градусқа асып түсті.

Айта кетейік, 2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда бірден бірнеше температуралық рекорд жаңарған болатын. Олардың бірі 80 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз келген еді. Мәселен, 31 мамырда Петропавлда термометр бағаны 35 градусқа дейін көтерілді. Осылайша, температура 33,6 градусқа жеткен 1943 жылғы рекорд жаңарды.

Қазақстанда аномальді ыстық болады

Бұған дейін синоптиктер 25–27 маусымда Қазақстанға солтүстік-батыс циклоны келіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, бұршақ түсіп, екпінді жел соғатынын хабарлаған болатын. Елдің солтүстігі мен батысында күн 23–28 градусқа дейін салқындайды деп күтілуде, ал оңтүстік пен шығыста 40–42 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама