"Қазгидромет" синоптиктері 25, 26 және 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері 25, 26 және 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Циклон найзағай, нөсер жаңбыр мен бұршақ әкеледі
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Найзағайлы жаңбыр күтіледі, бұршақ жауып, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауыл болуы мүмкін.
Қатты жауын-шашын болжанады:
- 25 маусымда - елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде;
- 25–26 маусымда - Қазақстанның шығысында;
- 26–27 маусымда - республиканың батысында және солтүстік-батысында.
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Циклонның әсерінен Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Көрсеткіштер 23-28 градусқа дейін төмендейді.
Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтары Ашхабад аудандарынан келетін құрғақ әрі жылы ауа массаларының ықпалында болуын жалғастырады. Бұл аймақтарда аптап сақталады. Ауа температурасы 33–38 градус болады, ал кей жерлерде 40–42 градусқа дейін қатты аптап күтіледі.
Қазақстанда 2026 жылдың маусымы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың маусым айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Болжамға сәйкес, Қазақстанда жаздың алғашқы айы қалыпты деңгейден 1–2 градусқа жоғары болады, мезгіл-мезгіл нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады. Кейбір аймақтарда +46 градусқа дейін жететін аптап ыстық күтіледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.