37 ардагер мерекелік медальмен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

37 ардагер мерекелік медальмен марапатталды Марапаттау сәті. ©Ербақыт Амантай

Солтүстік Қазақстан облысында тұратын 37 ардагері ауған соғысының "Әскери қақтығыстардың аяқталуына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, ардагерлер мен қаза болған жауынгерлердің отбасына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында 798 ауған соғысының ардагері бар. Ал жалпы Ауғанстандағы соғысқа барлығы 22 мың қазақстандық қатысып, 762 жауынгер майданнан оралмаған. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толды. Осы күнге орай Петропавлдағы Н.Погодин атындағы театрда салтанатты жиын өтті. "Ауғанстан: біздің естелігіміз бен жан күйзелісіміз" деген тақырыппен ұйымдастырылған көрмеге жерлес интернационалист жауынгерлердің фотосуреттері, құжаттары, жауынгерлік киімдері, ауған жауынгерлерінің жеке заттары мен хаттары қойылған. "Біздің ендігі міндетіміз – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұдан кейін соғыс болмасын, біз соғысқа қатысқан соңғы ардагерлер болайық", - деді tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ақжар аудандық Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Қабылқақ Оразов.
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +26
Ақтау +32
Ақтөбе +31
Атырау +30
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +24
П
Павлодар +27
Петропавл +22
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +22
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер