37 күн қалды: Қазақстанда қанша мопед мемлекеттік нөмір алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

37 күн қалды: Қазақстанда қанша мопед мемлекеттік нөмір алды? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда полиция қызметкерлері мопед иелері арасында көлік құралдарын тіркеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет екендігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция қызметкерлері мопед иелері арасында көлік құралдарын тіркеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет екендігін еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Барлық мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті.

"Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Тіркелмеген мопедтерді пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Бүгінле республика бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і Алматыда. Полицейлер мопед иелерін барлық қажетті рәсімдерді уақтылы орындауға және заң талаптарын сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети