18 маусым 2015 | 16:21

37 мыңға жуық шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newc.info © newc.info

Қазақстанда жыл басынан бері 37 мыңға жуық шетелдікке елімізде жұмыс істеуге рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл басынан бері 37 мыңға жуық шетелдікке елімізде жұмыс істеуге рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға 36 864 рұқсат берілді. Олардың ішінде 2038-і бірінші санат (жетекшілер мен олардың орынбасарлары), 6411 екінші санат (құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері) бойынша берілген. ШЖК тартуға рұқсаттың басым бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша беріліп, тиісінше олар 15 122 және 11 534 адам болды. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына 1759 шетел азаматы тартылды.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1466 жұмыс беруші бар. Оларда 398 374 Қазақстан азаматы еңбек етеді, яғни жалпы жұмыскерлері санының 92,2 пайызына тең. Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер - Қытай, Түркия, Өзбекстан, Сербия және Үндістан", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп отырады.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети