39 жастағы ақтөбелік он бірінші баласын дүниеге әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

39 жастағы ақтөбелік он бірінші баласын дүниеге әкелді ©️ almaty.tv

Ақтөбеде 39 жастағы әйел он бірінші баласын аман-есен босанды – енді үлкен отбасында жеті ұл мен төрт қыз бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 39 жастағы әйел он бірінші баласын аман-есен босанды – енді үлкен отбасында жеті ұл мен төрт қыз бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап.

Мнаура Мұқтарова мен оның ұлы Хантөрені перзентханадан шығарды. Отбасыдағы он бірінші бала 3,7 келі, 57 сантиметр болып дүниеге келді. Былтыр көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен баспана алған.

"Мен бақытты анамын. Үлкен ұлдарым – спортшылар. Қызым би үйірмесіне қатысады. Барлығы үшін Аллаға шүкіршілік етемін. 2024 жылдың желтоқсанында көпбалалы отбасы ретінде 10 жыл кезекте тұрып, төрт бөлмелі пәтер алдық. Перзетханадан шыққанымызды жаңа үйде атап өтеміз! Барлық туыстарыма, көршілеріме алғыс айтамын!" – деп қуанышымен бөлісті Ақтөбе тұрғыны.

Мнаура Мұқтарова – мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алайда қазір мектепте жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, себебі барлық уақытын бала тәрбиесіне арнайды.

Балалардың әкесі Айдын Рамазанов перзентханадан шығару рәсіміне қатыса алмады. Ол жүк көлігі жүргізушісі болып жұмыс істейді және қазір сапарда жүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети