29 сәуір 2024 | 17:00

3D-визуалдау қазақстандықтарға болашақ жайлы мектептердің ішкі безендірілуін таңдауға көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылғы 29 сәуірден 10 мамырға дейін Қазақстанның бүкіл халқы салынып жатқан заманауи мектептердің ішкі кеңістігі жобаларының ақтық талқылауына қатыса алады.

Ұлттық жобаның бірыңғай операторы болып табылатын "Samruk-Kazyna Construction" АҚ білім беру кеңістігінің атмосферасы мен үйлесімділігін шолуға мүмкіндік беретін 3D-үлгіні ұсынды. Жайлы мектептердің құрылысы жүріп жатыр, алайда сынып, дәліз, вестибюль, спорт залдары және асханалардың қалай рәсімделетінін қазірдің өзінде таңдауға болады. Толық ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады.

Иконка комментария блок соц сети

Виртуалды саяхат оқушыларға, олардың ата-аналары, мұғалімдер мен жалпы азаматтардың барлығына мектептердің ішкі кеңістігінің интерьерлік шешімдерімен және түспен безендірілуімен танысып шыға отырып, өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.

Компания мектептерді оқушылар мен ұстаздар қауымы үшін барынша жайлы етуді көздейді. Сондықтан барлық тілек білдірушілерден сілтеме арқылы сауалнамаға қатысып, ағымдағы жобаны жақсарту бойынша өз пікірін бөлісуді сұрайды.

Құрылысшылар орынды ұсыныстарды жұмыс барысында ескеруге уәде береді. Пікірлер мен ұсыныстар 10 мамырға дейін қабылданады.

"Барлығы халық игілігі үшін жасалуда. Әрине, заманауи мектептердің пайдаланушысы – халық болып табылады. Қазақстандықтар өз балаларын заманауи мектептерде оқытуға лайық және сол білім ошақтарын салу барысына қатысуға құқылы деп есептейміз. 6 000-нан астам адам қатысқан былтырғы қыркүйекте өткен бүкілхалықтық талқылаудың нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың шамамен 90%-ы мектептердің дизайны мен безендірілуі бойынша біздің ұсыныстарымызды қолдады. Белсенділік танытқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Әрбір қазақстандықтың пікірі жобаны іске асыру үшін аса маңызды болып табылары сөзсіз.

Бүгін Samruk-Kazyna Construction жайлы мектептердің ішкі дизайны мен интерьерінің кезекті бүкілхалықтық талқылауын жариялайды. Бұл жолы 3D-визуалдау мен 360 градус шолудың арқасында қазақстандықтар заманауи мектептің виртуалды макеті бойынша "серуендей" алады: келешек оқу мекемесінің дәліз, сыныптары, интерьері, жиһазы, қасбеті және спорттық алаңдарын көре алады. Танысып шыққаннан кейін кез келген азамат ішкі дизайн мен интерьерлік шешімдерді жетілдіру бойынша өз пікірі мен ескертулерін қалдыра алады. Сындарлы ұсыныстардың барлығы қаралады", - деп сендірді "Samruk-Kazyna Construction" Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети