03 шілде 2023 12:19

4-6 шілде күндері ауа райы қандай болады?

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 4-6 шілде күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Синоптиктер 4-6 шілде күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Сондай-ақ батыста күндізгі температура 33-39 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі, республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: солтүстік-батыста және орталықта 25-35 градусқа дейін, солтүстікте 25-30 градусқа дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін, оңтүстікте 25-38 градусқа дейін", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін шілде айында ауа райы қандай болатыны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети