Шахандағы қайғылы оқиға 2012 жылы болуы мүмкін еді, сол уақытта тұрғын үйдің жертөлесі ғана қирап, абырой болғанда, тұрғындар аман қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шахандағы қайғылы оқиға 2012 жылы болуы мүмкін еді, сол уақытта тұрғын үйдің жертөлесі ғана қирап, абырой болғанда, тұрғындар аман қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2012 жылдың 1 қаңтарында сағат 18.00-де Шахан кентінің бірнеше ауданында жарық болмай қалған. 1Б ықшамауданында №7 үйдің бірінші қабатында тұратын Сәуле Мусина мен оның күйеуі Боташ Абзат кешкі асты ішуге отырған. Кенет әлдененің жарылғаны естіліп, еден көтеріліп түскен. Артынша шаң көтерілген. Отбасы шошып қалып, көшеге қашып шыққан. Олар жертөленің бір қабырғасының жарылыстан опырылғанын көрген.
"Біздің қазандық та жертөледе орналасқан еді, бірақ ұзынынан жатқан, жарылыс болғанда қабырғаға қысым берілген, - дейді Сәуле. - Екі әкім де келіп, бізге жаңа қазандық орнатып берді, қабырғаны жөндеді, осыдан кейін мәселе сол күй қалған. Бірақ от жағу бөлігінде жөндеу жұмыстары сол күйі істелмеді, сол жақтың шаңы әлі пәтерімізге көтеріледі. Біздің от жағушымыз болған, бірақ ол зардап шекпеді. Ешкім қаза таппаған соң, қазіргідей шу болған жоқ. Бірақ бұл оқиға ешкімді де алаңдатпады. Бірақ біз әлі күнге қазандық жарыла ма деп қорқамыз, ал қазір тіпті жанымыз шығып кетердей болып жүрміз".
© Tengrinews.kz
Ал күйеуінің айтуынша, сол уақытта әкімдік жұмысшылары қазандық пен жертөлені үш күн ішінде жасап берген. "Осыдан кейін билік орталықтандырылған жылу қазандығын бүкіл қалаға салып беретінін айтқан. Бірақ олай болмады. От жағушымыз жауапкершілігі бар адамға ұқсайды, жарық жиі өшпейтін болды. Енді міне, төрт жыл өткенде сол 1 қаңтарда төртінші үйде осындай сұмдық болды", - дейді Боташ Абзат.
Шахандықтар көп жылдан бері орталықтандырылған жылусыз отырғандықтан, жылу мәселесін жетік біліп алған. Көмірдің сапасы, қазандықтың жылу жүйесі жайлы білетіндері көп. Мәселен, айтуларынша, кентте қолданылатын көмірдің сапасы нашар. Ал шахтерлер елді мекенінде сапалы көмірге ақша жоқ. Сондықтан бес қабатты үйлердің тұрғындары жылуды әр пәтерде орналасқан пештен алады. Соның салдарынан подъездерінің қабырғалары қара күйе мен ыс екен.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласының маңындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.
Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.