2016 жылғы 4 мамырда азаматтардың жеңілдетілген санатына атаулы көлік карталары таратыла бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. Аталған шара елордалық қоғамдық көлікте ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында жүзеге асырылады.

Фототіркеуден өткен азаматтардың жеңілдетілген санатына жататын адамдар атаулы көлік картасын күн сайын сағат 10.00-ден 18.00 дейін Республика даңғылы, 34 мекен жайы бойынша "Жастар" сарайы ғимаратында орналасқан пунктен ала алады. Дербестендірілген карталарды беру үстіміздегі жылдың мамыр айының соңына дейін жүргізіледі. Айта кетейік, жекелеген санаттар үшін карталар үйлеріне дейін жеткізіледі.
Қазіргі кезде елордада төменде көрсетілген азаматтардың санаттары қоғамдық көлікпен тегін жол жүреді: ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар; жасына қарай және еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққандар; жасына қарай және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар; көп балалы отбасылар; мүмкіндігі шектеулі тұлғалар; 16 жасқа толмаған мүгедек балалар.
Еске салайық, 2015 жылы тамызда Астанада қоғамдық көлікпен тегін жол жүруге құқылы жолаушылардың суреттері мен жеке мәліметтер базасын құру мақсатында азаматтардың жеңілдетілген санаты суретке түсіріліп, тіркеуден өткен болатын. Осы мақсатта 25 пункт ашылды. Ал суретке түсіп үлгермегендер үшін процедура өткен жылғы желтоқсан айына дейін ұзартылды.