4 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 4 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 4 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында аздаған қар жауады, боран соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20, кейде 23 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстік-шығысында 18, күндіз 2-7 аяз.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 4-6 аяз.

Алматы облысында түнде облыстың солтүстігінде жауын-шашын, күндіз батыста, облыстың таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2 аяз - 3 жылы, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 7 жылы, күндіз 10-15, солтүстікте, таулы аймақтарда 5 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 жылы.

Жетісу облысында солтүстікте, орталықта, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20, түнде кей жерлерде 25 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-2 градус аяз, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 8-13 аяз, күндіз солтүстікте, таулы аймақтарда 7-12 градус.

Түркістан облысында түнде тауларда қар, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен 8-13, облыстың таулы асуларында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 1-6 аяз, күндіз 17-22 градус жылы, облыстың солтүстігінде 9-14 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстіктен 9-14, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың шығысында 8С аяз, күндіз 2-3С жылы, облыстың батысында да 6С жылы.

Шығыс Қазақстан облысында көбіне түнде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жауын-шашын (негізінен қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран соғады. Жолдар көктайғақ. Оңтүстіктен жел соғады, түнде оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-шығысында кей жерлерде 30 м/с және одан көп, күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с. 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10 аяз, облыстың оңтүстігінде 0-5 жылы, күндіз 2 аяз 3 жылы, облыстың шығысында 5 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети