4 пайыздық автонесие: екі банк қана өтініш қабылдайды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 пайыздық автонесие: екі банк қана өтініш қабылдайды Тұрар Қазанғапов

Индустриялық даму қоры 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустриялық даму қоры 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық банкіне жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша кезекті транштарды бөлу туралы хабарлады.

Бөлінген лимиттер мөлшері:

  • "Евразиялық банк" АҚ - 10 миллиард теңге;
  • "Қазақстан Халық банкі" АҚ - 7,5 миллиард теңге.

Бағдарлама бойынша қатысушы банктерге барлығы 90 миллиард теңге аударылған.

"Бүгінде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 миллирад теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді. Жалпы сомасы 90 миллиард теңгенің бөлінбеген лимиті - 8 миллирад теңге.

Осы сома шегінде автонесие алуға өтінішті тек "Еуразиялық банк" АҚ мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толық игерді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін банктер жеңілдетілген несие бойынша автокөлік сатып алуға өтінім қабылдау уақытша тоқтағанын хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети