40 градусқа дейін және одан да жоғары. Алдағы жаз ыстық болады - ТЖМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

40 градусқа дейін және одан да жоғары. Алдағы жаз ыстық болады - ТЖМ Фото:depositphotos.com

Алдағы жаз 2023 жылдың жазынан да ыстық болады. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы жаз 2023 жылдың жазынан да ыстық болады. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл синоптиктер болжамын вице-министр бүгін Мәжілісте өткен үкімет сағатында жариялады.

"Қазгидромет мәліметінше, жазда орташа температура 19-23 градус болады және 40 градусқа дейін және одан да жоғары көтеріледі. Былтыр ауа температурасының көтерілуі, кей күндері 40-44 градусқа дейін жетіп өрт қаупін тудырды. Мысалы, Семейде", - деді Сыздықов.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою жүйесін күшейту мақсатында Экология министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығы бойынша табиғи өрттерді жою саласындағы уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы алгоритмі бекітілгенін айтты.

"Алгоритмде мемлекеттік орман күзеті де, ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері де жағдайды бағалайды және орман өрті кезінде қосымша күш тарту туралы шешім қабылдайды. Бұдан басқа, алгоритм авиация мен Қорғаныс министрлігінің, ІІМ мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелерін жұмылдыру, сондай-ақ ахуал күрделенген кезде эшелондалған қадамдық іс-қимылдар мәселесін регламенттейді", - деді Нысанбаев.

Шенеуніктің айтуынша, орман өрттерін сөндіру бойынша білім мен тәжірибелік дағдылар деңгейін арттыру үшін мемлекеттік органдар Азаматтық қорғау академиясының базасында мемлекеттік орман күзеті мен орман шаруашылығы қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын бекіткен.

"Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғаларға орман ресурстарын пайдалану және орман ресурстарына бару кезінде қойылатын талаптарды нақтылау бөлігінде ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаттарына өзгерістер әзірленді", - деп толықтырды министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети