"40-қа да толмаған". Танымал қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"40-қа да толмаған". Танымал қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин қайтыс болды Евгений Гайдамакин. © facebook

Алматыда танымал қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Telegram-арнасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда танымал қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Telegram-арнасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Алматыдан қаралы хабар келді. Менің досым, әріптесім Евгений Гайдамакин қайтыс болды.

Біз "Караван" газетінің редакциясында, "Наш Спорт" сайтында жұмыс істедік. Кейін де жұмыс бойынша жиі кездесетінбіз. Сосын Алматыда жиі футбол ойнадық, ортақ достарымыз, іссапарлар көп болды.

Соңғы кездері ол YouTube-тегі Sports True жобасымен айналысып жүрген. (...)

Ал бүгін ол жоқ. Коронавирус бізден 40-қа да толмаған талантты журналисті алып кетті", - деп жазды Қожахмет.

Жақында ғана Гайдамакин UFC-де өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз - Мария Агаповамен бірге шығарылымын жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети