16 қыркүйек 2022 | 09:20

"40 минут тұрдық". Алматылықтар "Алтын Орда" маңындағы кептеліске шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматылықтар мен қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары "Алтын Орда" базары маңындағы жолайрықтың тиімсіздігіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар мен қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары "Алтын Орда" базары маңындағы жолайрықтың тиімсіздігіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізушілердің айтуынша, кейінгі бір айда жолайрықтың айналма бөлігінде таңертең қатты кептеліс байқалады. "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің тұрғындарының бірі 15 қыркүйекте таңертең жағдайды видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, жолайрықта ұзын сонар кептеліс туындаған. Ер адам жүргізушілер ұзақ уақыт бойы тарай алмағанын айтты.

"Біз таңғы сағат 7:00-де шыққанбыз, бір орында 40 минут тұрмыз. Не болып жатқанын ешкім түсінбейді. Мына айналма жол қиылысынан өте алмай қойдық. Мүлдем пайдасы жоқ. Неге полицейлер таңертең осында тұрып, қозғалысты реттемейді? Бұл жағдай бір айдан бері байқалып отыр ғой.

Күн сайын "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінен шығу проблема. Ал бүгін тіпті жүре алмадық. Көбісі бұрылып, үйіне қайта алмады. Аудандағы тәртіпке жауапты адамдардан үлкен өтініш, мәселе шешілсе", - дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖМ "Асыл Арман" (@gm_asyl_arman)

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, кептеліске таңғы қарбалас уақытта тіркелген екі жол-көлік оқиғасы себеп болған.

"Алтын Орда" базары мен "Асыл арман" тұрғын үй кешені аумағында негізгі жол өткелінің астындағы айналма жолда көлік қозғалысын қиындатқан екі жол-көлік оқиғасы болды. Осыған байланысты ол жерде кептеліс пайда болды", - деді ұлттық компания өкілдері.

Полицейлер айналма жол маңында жол апаты болғанын растады.

"Алматы-Бішкек тасжолының 18-шақырымында күрделі көлік кептелісі пайда болды. Жолдың тарылуына байланысты көлік қозғалысы бәсеңдеді, өйткені ол жерде көпір қайта жөндеуден өтіп жатыр. Бұған дейін ескерту жол белгілері орнатылған. Оқиға орнына патруль бөлімшелері жіберілді. Олар жағдайды реттеп, көлік қозғалысын қалпына келтірді. Болжам бойынша, бұл учаскедегі кептеліс мәселесі жөндеу жұмыстары аяқталған соң шешіледі. Сондай-ақ, көлік кептелісі қаупін арттыратын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында учаскеде патрульдеу күшейтілді", - деді Алматы облысының Полиция департаменті өкілдері.

"ҚазАвтоЖол" күрделі жөндеу жұмыстарының "жылдам қарқынмен" жүргізіліп жатқанын баса айтты.

"Көлік қозғалысын азайту үшін асфальт-бетон жабындысы түнгі уақытта төселіп жатыр. Асфальттың 70 пайызы төселді. Барлық негізгі жұмысты қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тиісінше, жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл аумақта толыққанды қозғалыс ұйымдастырылады.

Болашақта тасжолдың осы учаскесі мен ҮААЖ қосылғаннан кейін көлік қозғалысы қайта бөлінеді", - деді "ҚазАвтоЖол".

Сондай-ақ, ұлттық компания "Асыл Арман" тұрғындарына тұрғын үй кешенінің ауданында "құбыр" типті көлік айрығы салынып жатқаны хабарланды.

"Бүгінде монолит аралықтың қаңқасын нығайту және кіріктірілген бөлшектерді дайындау, жиек тастары, астына құм-қиыршық тас төсеу, оңтайлы қиыршық тас қоспасынан негіздің төменгі қабатын төсеуге дайындау, жол жиектерін нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети