40 пайыз пайда алуға уәде берген: "Свой дом" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

40 пайыз пайда алуға уәде берген: "Свой дом" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚМА-ның Шымкент бойынша департаменті "Свой дом" қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА-ның Шымкент бойынша департаменті "Свой дом" қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

"Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40 пайыз пайда алуға уәде берді.

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети