"400 адам түрмеден шықты". Желіде жалған ақпарат тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"400 адам түрмеден шықты". Желіде жалған ақпарат тарап жатыр Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қазақстанда түрмеден 400 қылмыскер шығарылғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда түрмеден 400 қылмыскер шығарылғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар WhatsАpp мессенджерінде түрмеден қашқан қылмыскерлер суреті көрсетілген жалған ақпарат таратып жатыр.

"Түрмеден 400 адам босатылды. Қаланы аралап жүр. Өздерін кілем тазарту, сауалнама алушы ретінде таныстырады. Ресми киініп алған, ажырату қиын. Сақ болыңыздар", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі ақпараттың жалғандығын растады.

"Ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-ның 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Бас прокуратурасының жалған бұйрығы тарағаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети