"400-ден аса адам қатысты". Желіде ҰҚК арнайы операциясының видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"400-ден аса адам қатысты". Желіде ҰҚК арнайы операциясының видеосы пайда болды

ҰҚК арнайы операциясының видеосы Желіде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК арнайы операциясының видеосы Желіде пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик блогер Аида Джексеннің Jexen News деп аталатын Тelegram-арнасында жарияланды.

"Маңғыстау облысында ұсталған күдіктерді ұстау сәтінің видеосы пайда болды. Инсайдерлер операцияға жоғары жақтан пәрмен берілгенін айтады, ал егер қазір бұл топтарды қатаң түрде тоқтатпаса, одан әрі олар тек қана өсіп, азаматтардың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірер еді деген болжам жасауға мүмкіндік берді. Атыс қаруының көмегімен жасалған қылмыстар, олардың ауырлық дәрежесі және жалпы криминогендік жағдай талданды. Операцияға 400-ден астам адам қатысты, жергілікті күштер тартылған жоқ. Ұстау - бұл бірінші қадам, әрі қарай өз шешімін беретін әділ сот болуы керек", - делінген роликтің сипаттамасында.

29 шілдеде ҰҚК Маңғыстау облысы ІІМ-мен бірлесе отырып қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция өткізген. ҰҚТ мүшелері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға қатысты, оның ішінде адам өлтіруге, ұрлауға, қорқытып алуға оқталу қылмыстары бар екені хабарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети