04 сәуір 2020 | 16:21

400-ге жуық қазақстандық студент Түркиядан оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Түркияда білім алып жатқан 400-ге жуық студент елге оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияда білім алып жатқан 400-ге жуық студент елге оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР азаматтарын шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2020 жылғы 3 сәуірде ҚР Түркиядағы Елшілігінің атсалысуымен Түркияның 35-тен астам қаласында (Анкара, Ыстанбұл, Измир, Бурса, Конья, Анталия, Денизли, Кайсери, Кыршехир, Сивас, Самсун, Эрзинджан, Эрзурум, Трабзон, Гиресун, Нииде және т.б.) білім алып жатқан 400-ге жуық қазақстандық студент елімізге арнайы рейстермен қайтарылды.

"Наурыздың басынан бастап Түркияда коронавирус пандемиясына орай қалалар арасында байланыс үзіліп, шектеулі төтенше жағдай қалыптасқан болатын. Осы ретте, елшілік әрбір студенттің саяхат рұқсаты, оларды алып жүретін көлік рұқсаттары, медициналық тексеру сияқты рәсімдерді ТР құзыретті мемлекеттік органдарымен тығыз және жедел шешуге күш салды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұдан бұрын Ыстанбұлдағы халықаралық әуежай арқылы әуеқатынастарға шектеу қойылғалы елімізге 1500-ден астам ҚР азаматы, соның ішінде, қазақстандық студенттер және басқа елден транзит арқылы өткен туристер қайтарылған болатын.

Түркия аумағында қалуға бел буған қазақстандықтар Елшіліктің ерекше назарында және олармен тұрақты байланыс орнатылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети