01 маусым 2023 | 08:45

41 градусқа дейін ыстық: Қазақстанда 1 маусымда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 1 маусымда қолайсыз ауа райына байланысты елдің көп бөлігінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 1 маусымда қолайсыз ауа райына байланысты елдің көп бөлігінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында қатты ыстық 35-38 градус күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

01-03 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. 01-02 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шымкентте күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. қ. Түркістан: 01 маусымда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі төтенше деңгейі күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети