42 500 теңге бойынша өтініштерді қайта қарау: Министрлік құжаттар тізіміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

42 500 теңге бойынша өтініштерді қайта қарау: Министрлік құжаттар тізіміне қатысты пікір білдірді Фото: Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов 42 500 теңге бойынша өтініштерді қарау үшін салық декларациясы мен кәсіпкерлердің банк шоты көшірмесі неліктен керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алгоритм мына мақсатта болды: жұмыс берушілер қызметкерлерінің табыстан айырылғанын растай алуы керек болды. Ол құжаттардың тізімінде салық декларациясы мен шоттан көшірмелер бар. Коммерциялық құпияға килігу деген жоқ", - деді Сарбасов.

Еске салайық, мұның алдында министрліктегілер Қазақстанда шетелге көшіп кеткен не дүниеден өткен адамдардың атынан да әлеуметтік төлем алуға өтініштер түскенін айтқан еді. Сондай-ақ, вице-министр әлеуметтік төлем алуға жалған өтініштер де түскенін мәлімдеген болатын.

42 500 теңге: осыған дейін төлем қанша адамға берілді?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети