42 500 теңге. Министр алаяқтарға алданып қалмауды ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

42 500 теңге. Министр алаяқтарға алданып қалмауды ескертті Фото: Әлихан Сариев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш бергенде  алаяқтардың құрығына түспеу үшін қандай ресурстарға сену керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш бергенде  алаяқтардың құрығына түспеу үшін қандай ресурстарға сену керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифинге Біржан Нұрымбетовке "төлем беріле бастағанда алаяқтар пайдалануы мүмкін бе" деген сұрақ қойылды.

"Өткендеде мұндай тұлғалар аз болмады. Олар түрлі қызмет, оның ішінде порталдар, фейк Telegram-боттарды ұсынып, SMS таратты. Сондықтан мұндай ұсыныстарға сеніп қалмауды сұраймыз", - деді ол.

42 500 теңге. Қашан және қайда өтініш береміз?

Министр сенімді интернет ресурстарды атап өтті.

"Ресми порталдар мен сайттар жұмыс істейтін болады. Бұлар 42500.enbek.kz, электрон үкіметтің ресми сайты. Өткендегідей ресми түрде 18 Telegram-бот болады, оларды кейін береміз. Алаяқтарға ұрынып қалмау үшін басқа порталдарға өтініш жібермеуді сұраймыз. Сондай-ақ Еңбек министрлігі беретін осы ақпаратқа сүйенуді сұраймыз" - деді Нұрымбетов.

Еске салайық, шілде айына 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу үшін Бірыңғай жиынтық төлемді қайтадан төлеудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, жұмысынан уақытша қалғандар үшін өтінімді жұмыс беруші қалдырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети