14 шілде 2020 | 16:54

42 500 теңгені студенттер ала ма? Министрдің жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі барын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі барын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл төлемге қатысты "студенттер" деген жеке санат жоқ. Оларға тек студент болғаны үшін төлем тағайындалмайды. Бұл төлемді тек жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ала алады. Егер олар коронавирусқа байланысты шектеу салдарынан табысынан айырылса. Егер студент осы санатқа жатса, оның 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі бар", - министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда Біржан Нұрымбетов бұл мәселе әлі пысықталып жатқанын жеткізді.

"Өткенде студенттерге 42 500 теңгенің төленуінің заңдылығына қатысты сұрақтар болған еді. Қазір таңда біз бұл мәселе бойынша ақылдасып жатырмыз... 42 500 теңгені жалдамалы жұмысшы болған студенттер алуы мүмкін. Олар үшін өтінішті жұмыс беруші береді. Егер жеке кәсіпкерлер болса, олар қызметтерінің шектеулі екенін растау үшін өтінім береді. Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болса, онда бірыңғай жиынтық төлемді тұрақты түрде төлеуі керек. Осы жағдайда олардың төлемді алуға мүмкіндігі бар", - дейді министр.

Айта кетейік, осыған дейін үкімет басшысы Асқар Мамин 42 500 теңге нақты кімдерге берілетінін айтқан еді

Сондай-ақ, бүгін үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі мектептерде қашықтан оқытуға кеңес берді, ал білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтты.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети