42 500 теңгенің қандай жағдайларда берілмейтіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

42 500 теңгенің қандай жағдайларда берілмейтіні айтылды Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы қандай жағдайларда 42 500 теңге төлемнің қандай жағдайларда тағайындалмайтынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы қандай жағдайларда 42 500 теңге төлемнің қандай жағдайларда тағайындалмайтынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Штаб мәліметінше, 42 500 теңге төлемнің тағайындалмау себептері мынадай:

❌ өтінімдердің қайталануы - 1 042 842 өтініш қайталанған;

❌ тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылар (ТЖ енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемегендер) - 521 365;

❌ өтінім беруші бойынша ТЖ енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘУ/БТЖ/МЗЖ немесе өтінім берген уақытқа дейін БТЖ табылмады (бейресми өзін жұмыспен қамтушылар тұрғысынан) - 1 053 383;

❌ жұмыс берушінің БСН/ЖСН дерегі, өтінім берушінің ЖСН дерегі көрсетілмеген немесе бұрыс көрсетілген - 63 222;

❌ өтінім Қазақстан аумағынан тыс жерде тұратын немесе марқұм болып кеткен адамның атынан берілген - 378.

42 500 теңге төлемді алудың жаңа әдісі көрсетілді

"Осылайша ТЖ кезінде табысынан айырылу бойынша МӘСҚ тарапынан әлеуметтік төлем тағайындау Ережесіне қатысты қателер мен сәйкессіздіктер жіберілген 2 681 190 өтінім анықталды", - делінген штабтың хабарламасында.

Декретке шыққанына бір жылдан асқан әйелдер 42 500 теңге ала алады - министр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети