+42 градусқа дейін. Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

+42 градусқа дейін. Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото: elements.envato.com

Қазақстанға 42 градус ыстық келеді. Синоптиктер 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға 42 градус ыстық келеді. Синоптиктер 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, кезең ішінде Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон шұңқыры әсер етеді, онда найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

"Солтүстікте, шығыста және орталықта температура фоны түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстік жартысында түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети