42 жастағы павлодарлық әйел сомасы 2 миллион теңге болатын 30 айыппұл алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

42 жастағы павлодарлық әйел сомасы 2 миллион теңге болатын 30 айыппұл алған Фото:depositphotos.com

Павлодарда Mercedes автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі ірі көлемдегі - 2 миллион теңгеден асатын айыппұлмен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Mercedes автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі ірі көлемдегі - 2 миллион теңгеден асатын айыппұлмен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол ережесін өрескел бұзған жергілікті тұрғын Назарбаев даңғылында полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

"Қысқа мерзім ішінде жүргізуші жол ережесін шамамен 30 рет бұзған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асып түсті. Кей жағдайларда ол көлігін аса жоғары жылдамдықпен айдаған. Автокөлік шетелде тіркелген. Қазіргі уақытта көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізуші барлық айыппұлдарды толық төлеуге міндетті. Мәселен, қазанда жүргізуші Омбы тасжолында жылдамдық режимін бұзып, елді мекен ішінде 60 км/сағ шектелген жылдамдық орнына 93 км/сағ жылдамдықпен жүрген", - деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети