"45 градус ыстық". Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"45 градус ыстық". Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы өтетін батыс циклонына байланысты, 14-15 шілдеде солтүстік-батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 15 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз.

" 13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасының төмендеуі солтүстікте және орталықта 30 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың батысында 25-35 градус жылы", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети