19 ақпан 2024 | 09:22

45 градусқа дейінгі аяз: синоптиктер ескерту жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде қатты аяз болып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде қатты аяз болып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С-қа дейін өте қатты аяз болып, қар жауады, жел соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -35-39°С қатты аяз болады.

Қызылорда облысында екпіні 23 м/с болатын жел соғады. Қызылордада желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Таулы аймақтарда қар жауады. Жел 23-28 м/с күшейеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Абай облысының орталығында, оңтүстік-батыста, шығыста бұрқасын болады. Жел күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел 23-28 м/с күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.

Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі ауа райының төмен деңгейі туралы ескерту сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети