31 шілде 2014 | 19:23

45 мыңнан астам қазақстандық студент шетелде оқиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vibirai.ru сайтынан алынды Сурет vibirai.ru сайтынан алынды

45 мыңнан астам қазақстандық студент шетелде оқиды деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

45 мыңнан астам қазақстандық студент шетелде оқиды деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Шетелдегі Қазақстан елшіліктерінің және білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, Ресейдің жоғары оқу орындарында 26 мың 600 қазақстандық азамат білім алып жатыр, оның 19 100 - күндізгі оқу бөлімінде, 1700 - халықаралық келісімшарт аясында оқуда; ҚХР-да - 9 670, оның 628-і - әртүрлі гранттар бойынша; Ұлыбританияда шамамен 4000; АҚШ пен Чехияда шамамен 1000, Малайзияда шамамен 1500 (Малайзияның көші-қон қызметі мәліметі бойынша - 611); БАӘ - 715; Түркияда - 783; Польшада - 300; қалғандары басқа елдерде білім өресін жетілдіруде" деп жазады аталған мекеме редакция жолдаған арнайы сауалға берген жауабында.

Сонымен қатар бұл цифрдан тыс "Болашақ" бағдарламасы аясында 2 мыңға жуық, білім және ғылым министрлігінің халықаралық келісімшарты бойынша 1211 студент шетелден дәріс алуда. Ведомствадағылар тек "Болашақ" бағдарламасы бойынша аттанған студенттерімізді қадағалай алатындығын айтады. Сондықтан БҒМ "Болашақ" стипендиясының баламасы бола алатын және басқа да халықаралық бағдарламалар бойынша шартты міндетемелер енгізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан азаматтарына Ресей, Қытай, Түркия, Тәжікстан және басқа да мемлекеттердің үкіметі арнайы білім гранттарын ұсынады екен. Министрліктегілер атап өткендей, жас қазақстандықтардың "Болашақ" стипендиясы арқылы, сол секілді Джеймс Вильям Фулбрайт (Fullbright, США),  KOICA білім гранты (Халықаралық әріптестік жөніндегі Корея агенттігі),  Эрасмус Мундус сынды басқа да халықаралық білім жобалары бойынша шетелден білім алуға толықтай мүмкіндіктері бар.

ҚР БҒМ мәліметтері бойынша, халықаралық келісімшарттар аясында Қытаймен (100 орын), Египетпен (7 орын), Моңғолиямен (5 орын), Румыниямен (5 орын), Словакиямен (4 орын), Украинамен (40 орын), Беларусьпен (6 орын), Қырғызстанмен (5 орын), Иорданиямен (5 орын), Вьетнаммен (3 орын), Финляндиямен (6 орын), Венгриямен (45 орын) және Латвиямен (6 орын) студенттерімізді алмастырып, оқытамыз.

Ведомствадағылардың пікірінше, қазақстандық жастардың шетелде білім алуға таңдауы жиі түсіп жататындығының бірден-бір себебі - ҰБТ-дан бас тарту және жоғары оқу орындарында ақылы білім алуға мүмкіндіктерінің жоқтығы. Сонымен қатар шетелдік жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары ел-елді аралап жүруі де жастардың шетелде білім алуының қызығушылығын туғызуда.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети