450 мыңнан астам қазақстандыққа қайырымдылық көмегі көрсетілуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

450 мыңнан астам қазақстандыққа қайырымдылық көмегі көрсетілуде

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - "Samruk-Kazyna Trust" КҚ бас директоры Альфия Адиева бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - "Samruk-Kazyna Trust" КҚ бас директоры Альфия Адиева бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

Мәселен, өткен жылдың сәйкес мерзімінде барлығы 29 өтінім келіп түсіп, оның 17-сі мақұлданса, биыл 87 өтінім қарастырылып, Қор тарапынан 4 миллиард 400 миллион теңгеге 27 жоба қолдау тауып отыр. Осылайша, 454 мың қазақстандыққа қамқорлық жасалып, оның ішінде 22 мыңы – бала, ал 81 мыңы – ауыл тұрғыны.

"Бұл көрсеткіштер бірыңғай қайырымдылық операторы ұстанған ашық саясаттың нәтижесі болып отыр", – деп атап өтті Альфия Адиева.

Қазіргі таңда жобалар саны өткен жылғы 35-ті қосқанда 62-ні межелеуде.

Баспасөз мәслихатында қайырымдылық қызметінде балаларды қолдауға баса назар аударылатыны туралы да айтылды. Мысалы, бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ 15 жылдығына арналған "Туған елге саяхат" пойызының қорытынды үшінші кезеңінің қатысушылары жолға шығады. Жалпы, еліміздің тарихи, көрікті мекендеріне сапарға 600 бала қатысуда.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының онкология бөліміне 228 млн теңге тұратын қан құрамын өңдеуге қажет қондырғы алынды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған 200 балаға арналған спорт лагері ұйымдастырылды. Қордың қамқорлығымен Алматыда Даун синдромы бар балаларға туғанынан даму мен оқудың барлық сатысынан өтуге мүмкіндік беретін орталық қолданысқа тапсырылды. Жаңғыртылған нысан инклюзивті білім беру саласындағы мамандарды дайындауға және Даун синдромы бар адамдарды жұмысқа орналастыруға жол ашады.

Шара барысында "Samruk-Kazyna Trust" қорының 2023 жылдың соңына дейін атқарылуы тиіс жоспары да мәлім болды. Мәселен, Қостанай облысы Аманқарағай ауылында ауқымды дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Қызылорда, Абай, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында ауа-тірек құрылымындағы көпсалалы спорт кешендері іске қосылады. 2023 жылдың аяғына дейін қазақ ұлттық аспаптары мен мемлекеттік тілдегі кітаптар жинағы өңірлердің музыкалық мектептері мен кітапханаларына беріледі.

Жыл басынан бері аутизмі бар балаларға арналған 4 және 4 ерте араласу орталығы ашылса, алдағы 6 ай ішінде тағы осындай 13 орталық іске қосылып, нәтижесінде барлығы 9 мыңға жуық балаға қамқорлық жасалатын болады. "Самұрық-Қазына" қорының 15 жылдығына орай бірыңғай қайырымдылық операторы арқылы Қор компаниялары атынан халықтың әлеуметтік осал топтағы отбасыларынан шыққан 15 мың бірінші сынып оқушысы мектеп заттары жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети