46 градусқа дейін аптап: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

46 градусқа дейін аптап: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Midjourney

Қазгидромет 17, 18 және 19 маусым күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 17, 18 және 19 маусым күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен тұрақсыз ауа райы қалыптасады: найзағай, жаңбыр, екпінді жел күтіледі, 18-19 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы 17-25-тен 15-23 градусқа дейін, күндіз 25-35-тен 20-31 градусқа дейін төмендейді. Елдің орталығында түнде 18-25-тен 15-22 градусқа дейін төмендейді, күндіз 17-18 маусымда қатты ыстық 35-39 градус, облыстың оңтүстігінде аптап 42 градус, 19 маусымда 27-32 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнде ауа температурасы 12-23-тен 17-25 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 27-35 градустан қатты ыстық 35-39 градусқа дейін көтеріледі, 19 маусымда жекелеген аудандарда ыстық 40 градусқа дейін жетеді.

Оңтүстік-шығыста түнде 18-23-тен 20-25 градусқа дейін аздаған көтерілу болады, күндіз қатты ыстық 35-39 градус, 18-19 маусымда кейбір аудандарда өте қатты ыстық 42 градус күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 43-46 градусқа дейінгі қатты ыстықтан 30-38 градусқа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети