+46 градусқа дейін ыстық: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

+46 градусқа дейін ыстық: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

2024 жылғы 4 шілде, жұмада Қазақстанда ыстық ауа райы сақталады. "Қазгидромет" синоптиктері мәліметінше, кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, құмды дауыл мен күшті жел соғады, ал еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылғы 4 шілде, жұмада Қазақстанда ыстық ауа райы сақталады. "Қазгидромет" синоптиктері мәліметінше, кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, құмды дауыл мен күшті жел соғады, ал еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел, құмды дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14, екпіні 15–20, кей жерлерде 25 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз қатты ыстық +33…+35.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнде +20…+22, күндіз қатты ыстық +35…+37.

Шымкент – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3–8 м/с. Түнде +23…+25, күндіз аптап ыстық +41…+43.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +21…+23, күндіз +28…+30.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +15…+17, күндіз +26…+28.

Атырау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 2–7, күндіз 7–12 м/с. Түнде +18…+20, күндіз +31…+33.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +23…+25, күндіз қатты ыстық +37…+39.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +18…+20, күндіз қатты ыстық +33…+35.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14, екпіні 15–20, кей жерлерде 25 м/с. Түнде +19…+21, күндіз +27…+29.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9–14 м/с. Түнде +21…+23, күндіз қатты ыстық +37…+39.

Қостанай – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9–14, екпіні 15–20 м/с. Түнде +15…+17, күндіз +23…+25.

Қызылорда – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9–14, күндіз 15–20 м/с. Түнде +27…+29, күндіз өте қатты ыстық +44…+46.

Павлодар – құбылмалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +19…+21, күндіз +32…+34.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14, күндіз 15–20 м/с. Түнде +17…+19, күндіз +20…+22.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде +16…+18, күндіз +31…+33.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 6–11 м/с. Түнде +14…+16, күндіз қатты ыстық +35…+37.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +20…+22, күндіз қатты ыстық +40…+42.

Түркістан – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 8–13 м/с. Түнде +26…+28, күндіз өте қатты ыстық +46 градусқа дейін.

Орал – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9–14, екпіні 18 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +25…+27.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3–8 м/с. Түнде +15…+17, күндіз +30…+32.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети