16 тамыз 2018 | 09:38

48 адамды құтқарған қазақстандыққа 1 миллион теңге мен пәтер беріледі

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/Ержан Амарханов © vk.com/Ержан Амарханов

Өртеніп жатқан автобустан 48 адамды аман алып қалған Ержан Амархановқа баспана мәселесіне көмектесіп, өртенген құжаттарын қалыпқа келтіруге уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Өртеніп жатқан автобустан 48 адамды аман алып қалған Ержан Амархановқа баспана мәселесіне көмектесіп, өртенген құжаттарын қалыпқа келтіруге уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

 Семейге оралғаннан кейін ол қалалық әкімдікке шақырылған. 

"Кеше қала әкіміне барғанмын. Демеушілер 1 миллион теңге берді. Шыны керек, алуға ұялдым, бірақ кейін ол ерлігім үшін берілді деп түсіндірді. Маған "Ал, өтініш" деді. Әкім құжаттарымды жасап, жұмыспен қамтамасыз етсін деді. Маған берілген бір миллион шығын үшін емес, ерлігім үшін деп түсіндірді. 

Ал автокөлігіме қатысты ресейліктер жаңасын алып бере алатынын айтты. Зор алғыс білдірді. Мен құтқарып қалған адамдар да көмектесуге әзір. Құжаттарымның ішінен әзірше жүргізуші куәлігім мен жеке куәлігімді қалпына келтірсем деймін. Ал баспана берсе төрт баламды да көшіріп әкетуші едім. Қазір енемнің қолында тұрамын, бұрында жалдамалы пәтерде тұрғанмын. Үй беріп жатса тамаша болады", - дейді Ержан Амарханов. 

Семей әкімдігіндегілер ер адамға қандай көмек көрсететінін тізіп берді. Оның қатарында грек-рим күресінің бапкеріне болашақта спорт мектебіне жұмысқа тұруы үшін арнайы білім алуға көмектесу қарастырылып отыр.

"Ержан - өте жігерлі адам, оның идеясы көп. Біз оның жағажайға арналған идеясын жүзеге асыруға көмектесеміз. Жүгіруге арналған жолақ жасағымыз келеді. Ол жақта Ержанның қол астындағы балалар Ертіске дейін кросс жүгіреді, ал кейін суға шомылады. Бұл жағажай тек оның шәкірттеріне емес, қала тұрғындарына да пайдалы болады. Тұрғын үй мәселесі бойынша, ол бір күнде шешілетін сұрақ емес. Ұсыныстар әртүрлі. Тұрғын үй комиссиясы бар. Өтеусіз негізде басапана немесе әзірше жалдамалы үй беруіміз мүмкін", - дейді Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Қазақстандық 37 жастағы Ержан Амарханов ресейлік телеарналардағы сюжеттердің жұлдызына айналды. Грек-рим күресінің бапкері өрт шыққан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалған. Олар сол кезде Қазақстаннан Ресейге жол жүріп бара жатқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети