"5-6 сағат тыңдауға болады" - тарихшы Тоқаевпен кездесуін еске алды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"5-6 сағат тыңдауға болады" - тарихшы Тоқаевпен кездесуін еске алды Фото: akorda.kz

Ресейлік журналист, тарихшы Леонид Млечин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден алған әсерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік журналист, тарихшы Леонид Млечин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден алған әсерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тоқаевты алғаш көргенімде таңғалдым. Мен осындай жоғары дәрежелі, ой-өрісі биік парасатты саясаткерді көрген емеспін. Тоқаевты бес-алты сағат бойы аузың ашылып тыңдауға болады, шешен сөйлегенінен емес, сен білмейтін қызықты нәрселерді айтқандықтан. Ол Мәскеуге Президент ретінде келгенде, біз кездестік. Оның үстелінде кітаптар жиынтығы тұрды, мен таңғалып қарадым, ол: "О, кеше оқығанмын, өте қызық екен" деді. Сосын кітаптардың бірін қолына алып: "Қараңызшы, жаңадан шыққан", - деді Млечин видеода.

Журналист Тоқаевты "саясаткерлік пен зияткерлік әлеуетін үйлестіре алатын аса көрнекті және ерекше адам" деп атады.

"Ол Президент ретіндегі карьерасын бастағанда, не істейтінін, елді қалай алға жылжытатынын бақылау өте қызық болды. Бірақ амал не басымызға пандемия түсті", - деді ол.

Еске салайық, Леонид Млечин YouTube-арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы жұмысы туралы видео жариялады.

Леонид Млечин - кеңестік және ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тележүргізуші, жазушы және YouTube-блогер. "ТЭФИ" (2007, 2009) және "ТЭФИ-Регион" (2015) телевизиялық сыйлығының лауреаты. КСРО Жазушылар одағының және Мәскеу Жазушылар одағының мүшесі. Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети