"Наша Газета" басылымының Instagram парақшасында төрт күн іздестірілген бес жасар Мәдина Ерланқызының мәйіті табылған жерден кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Наша Газета" басылымының Instagram парақшасында төрт күн іздестірілген бес жасар Мәдина Ерланқызының мәйіті табылған жерден кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұнда барлығын қоршап тастаған, тұрғындарды шығарып жатыр. Ана машина тұрған жерден табылды", - дейді видео авторы. Бұл еріктілердің бірі болса керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында 7 тамызда үйінен шығып кеткен 5 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған.
Іздеу жұмыстарына 500-ден аса полицей, тікұшақтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен шекарадағы әскери қызметкерлер жұмылдырылды.
Мыңдаған адам қызды Жамбыл ауылына іргелес егістік алқаптардан іздеді.
Бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеу шаралары аясында егістік алқаптың әр жеріне су мен тамақ байланған шарлар қалдыру жөнінде шешім қабылданды.
Кешкі уақытта егістік алқаптың үстінен дельтапландар ұшырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!