Қостанай облысында 5 жастағы қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысында 5 жастағы қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Оған Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов қатысқан.
Жедел штабтың сағат 16.00-де таратқан ақпараты бойынша, қыз әлі табылған жоқ.
"Сағат 16.00-дегі іздеу аймағы Жамбыл ауылы - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы. Іздестіру төрт бағытта жүріп жатыр. Штаб отырысында егістікке азық-түлік пен су қалдырып, оларға әуе шарларын байлау ұйғарылғаны айтылды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигнал беретін нұсқа болады. Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Әуеден бақылау жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды.
Еске салайық, бұған дейін Желіде Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың видеосы жарияланғаны хабарланған болатын. Қыз таңғы 7-лер шамасында үйінен шығып кеткен. Іздеу жұмыстары барысында ерікті қызды көріп қалғанын айтып берген еді.
"Тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберілді". Қостанай облысында 5 жасар қызды іздеу жалғасып жатыр
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!