Синоптиктер 5 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктер 5 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығысынан арқылы атмосфералық фронталды бөліктер өтеді. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шаңды дауыл болады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, секундына 15-20 метр жел, күндіз шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жел соғады, күндіз бұршақ жауады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түнде Жамбыл, таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерде секундына 15-20 метр болатын жел соғады.
Қостанай, күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында күндіз күн күркірейді. Бұған дейін Қазақстанның кейбір аудандарында ауа температурасы 6 мамырдан бастап 32 градусқа дейін көтеріледі деп хабарланған.