Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

5 маусымда Ақтөбеде бір лаңкесті ұстап алған тұрғын марапатталды

31 Тамыз 2016, 09:34
0
© "Диапазон"
© "Диапазон"

Ақтөбеде 5 маусымда қарулы лаңкестердің бірін ұстап алған жүргізуші марапатталды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Қуаныш Қарасартовтың айтуынша, сол күні ол атыс болған жерден өткен. "Пантера" дүкенінің алдында, көшенің қақ ортасында есіктері ашық күйінде патруль көлігі тұрды, артқы терезесі сынған. Мен тоқтадым. Артқы орында үш ер адам болған, бастары шалқалап жатқан, сөйтсем олар өліп қалған екен. Кенет бір ер адам атып шықты, қолында қаруы бар. Мен оның қаруын тартып алып, өзін құлатып алдым, мойнын аяқпен бастым да, үстіне отырып алдым. Тағы бір қылмыскер маған қарай "Оса" қаруымен атып қалды, бірақ тигізе алмай, қашып кетті. Ұсталған адамды оқиға орнына келген полицейлердің қолына тапсырдым", - деп әңгімеледі ер адам өзі тап болған оқиға жайлы.  

Ілек аудандық полициядағылар Қуаныш Қарасартовтан жауап алып, алғыс білдіріп, әкімдікке марапаттау туралы өтініш жазатынын айтыпты. 29 тамызда оны ІІД-ге шақырып, Конституция күні қарсаңында Қарасартовқа тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін деген медаль тағыпты. 

"Пантераның" алдында болғанымда ешқандай да марапат жайлы ойламадым. Не болып жатқанын да білмедім. Бірақ араласу керек деп шештім. Кезінде ІІМ әскерінде қызмет еткенмін, қазір мүгедекпін, бірақ құдай маған бойды да, күшті де берді. Кейін мұның теракт екенін білгенде марапаттау болады екен дедім, ақша беретін шығар дегенмін", - дейді Қарасартов. 

Еске салайық, 5 маусымда діни радикалдар тобы Ақтөбедегі екі қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 7 адам қаза тапты, олардың үшеуі әскери қызметкер де, төртеуі бейбіт тұрғындар. Антитеррористік операциялардың барысында 18 лаңкестің көзі жойылды, тағы тоғызы ұсталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай