18 сәуір 2024 | 11:01

50-ден аса басшы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген - Антикор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Антикор су тасқынын жою бойынша бюджет қаражатын бөлуде мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Антикор су тасқынын жою бойынша бюджет қаражатын бөлуде мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу мониторингі, бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ "цифрлық теңге" арқылы "ақшаны бояуды" енгізу жөніндегі жұмыс жалғасатыны айтылды.

"Өткен кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен 69 талдау және мониторинг жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 565 ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді. Алдын алу шараларымен, оның ішінде жемқорлыққа қарсы еріктілермен 17 миллиард теңгеден астам сома қаражатты негізсіз пайдалануға жол берілмеді", - делінген хабарламада.

1 тоқсанда 43 проблемалық кейс бойынша 5 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалғаны айтылды. Залалды өтеу және активтерді қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі бағаланды.

"Биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 488 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді.

Сыбайлас жемқорлық жасауда 296 адам әшкереленді, оның 59-ы әртүрлі деңгейдегі басшылар. Аяқталған қылмыстық істер бойынша 188 миллиард теңгеден астам шығын өтелді".

Бұл ретте, ағымдағы күн тәртібін ескере отырып, агенттік төрағасы Асхат Жұмағали өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға бөлінетін бюджетті мониторингтеу қажеттігіне ерекше назар аударды.

"Қаражаттың мақсатты және тиімді бөлінуін қатаң бақылау міндеті бірінші орынға қойылды.

Орталық және өңірлік бөлімшелердің басшылары салдарларды жою кезінде бюджетті жымқыруға жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік қолдау қаражатын бөлу кезінде кез келген теріс пайдалану мен айла-шарғы жасаудың жолын кесуге бағдарланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы азаматтарға келтірілген залалды өтеуге байланысты алаяқтық пен бопсалаудың ықтимал фактілері бойынша тұрғындардан өтініштер мен хабарламаларды тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети