50-ден астам операция: ҰҚК құны 5 миллиардқа тең есірткі тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

50-ден астам операция: ҰҚК құны 5 миллиардқа тең есірткі тәркіледі ҰҚК баспасөз қызметінің суреті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 50-ден астам операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 50-ден астам операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция, оның ішінде 16-ын шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізген.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 өңірлік есірткі жеткізу арналары, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды. Жалпы айналымнан 800 келіден астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер тәркіленді.

"Алынған есірткі құны "қара нарықта" 5 миллиард теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 миллион бір реттік дозаға тең. ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты соталды тергеп тексеру жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети