Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеуге уәде беретін парақшалар тағы да пайда болды. Ол үшін өтініш беруші арнайы банк есепшотына 3 120 теңге аударуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, мұндай жарнамаларды жариялайтын парақша көп және бір-бірінен аз ғана ерекшеленеді.
Бәрінде пайдаланушыларға 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алуға "100 пайыз кепілдік беріледі". Сілтемені басқанда өтініш беруші telegram-bot-қа өтеді. Онда өтініш берушіден 3120 теңгені банк есепшотына аударуды сұрайды. Олардың айтуынша, бұл қызметті алу үшін төленген ақы екен.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемдер туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қызметтер үшін 3120 теңге мөлшерінде төлем төлеу керегі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қандай да бір төлемдерді міндетті түрде аударуға "байланыстырылған" жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!