"50 мың теңгеден". Министрлік қазақстандықтарға аударылатын төлем туралы ақпаратқа пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"50 мың теңгеден". Министрлік қазақстандықтарға аударылатын төлем туралы ақпаратқа пікір білдірді Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Желіде тараған "әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 50 мың теңге төленетіні" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Желіде тараған "әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 50 мың теңге төленетіні" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз".

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны айтылды.

"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети