500-ден аса медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды - ДСМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

500-ден аса медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды - ДСМ © Тұрар Қазанғапов

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова COVID-19 науқастарымен жұмыс кезінде коронавирус жұқтырған 500 медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова COVID-19 науқастарымен жұмыс кезінде коронавирус жұқтырған 500 медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кешегі мәлімет бойынша, 500 медицина қызметкеріне төлем жасалған. Ал қаншауына төлем беруге бас тартылғанын, өкінішке қарай, қазір айта алмаймын. Бірақ 500-ден астам қызметкер екі миллион теңгеден алды", - деп жауап берді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, барлық әкімге төлемдер бойынша жұмысты жандандыру және өңірлік комиссияларға ұсынылатын құжаттарды кідіріссіз қарау тапсырылған.

Медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде төлем беріледі. Медицина қызметкерінің отбасына COVID-19-дан немесе вирустық пневмониядан қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге төленеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети