Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әрдайым алғашқы медициналық көмектің сапасын жақсарту керек екенін айтып жүрмін. Ұзақ өмір сүретіндер тұратын елдерде, мысалы, Жапонияда 80 жыл өмір сүреді. Испанияда да. Барлық жерде алғашқы медициналық көмек дамыған", - деді Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.
Назарбаев ерте тексерілудің алдағы уақытта денсаулықтың қандай болатынына әсер ететінін айтты.
"Біз 500 кереуетке арналған емханалар салуға үйреніп қалдық. Сосын ауырған адам ол жақта бір ай емделеді. Мұндай жағдай еш жерде жоқ. Оған қоса, жүрек сияқты ауыр оталар жасалса да, адамдар бір аптадан кейін үйлеріне қайтады, ал бізде оларды ұстайды. Себебі дәрігерлер осылайша ақша табудың көзін ойлайды", - деді Назарбаев.