52 адам тірідей жанып кеткен автобус: Сот жүргізушілерге қатысты үкім шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустағы өртке кінәлілерге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустағы өртке кінәлілерге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімді судья Серік Махамбетов оқыды. 

Үш жүргізуші сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тасымалдаушы компанияның құрылтайшысы Нұрлыбек Телепбаев пен тасымалдаушы компанияның механигі Бахадүр Пердебаев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Нұржан Қырғызбаев, Барат Танатов пен Мақсат Пернебеков Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі, 345-баптың 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылсын. 7 жылға адам тасымалдау мен көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылсын, 5 жылға бас бостандығынан айырылсын", - деп оқыды үкімді судья.

"Бахадүр Пердебаев Қылмыстық кодекстің 348-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылсын. 5 жылға көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруге қатысты қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын. Нұрлыбек Телепбаев Қылмыстық кодекстің 254-бабы, 348-баптың 4-бөлігі және 385-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылсын. 5 жылға адам тасымалдау қызметімен айналысу құқығынан айырылсын, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын", - деді судья Махамбетов.


© Tengrinews.kz

Мұның алдында Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша сот отырысы басталғаны хабарланған еді.

Еске салайық, биыл қаңтар айында Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуретер жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro