"52 градус ыстық". ҚТЖ жолаушы шағымына жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"52 градус ыстық". ҚТЖ жолаушы шағымына жауап берді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі Алакөлден Алматыға қатынайтын пойыз вагонында жағдай нашарлығына қатысты шығамға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі Алакөлден Алматыға қатынайтын пойыз вагонында жағдай нашарлығына қатысты шығамға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылғы 27 шілдеде вагон "Алматы-2" станциясына келгеннен кейін комиссиялық тексеру кезінде ауаны баптау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Вагон нөмірі - 21. 1993 жылы салынған (28 жыл). Мұндай вагон желдеткіші өндіруші зауыттың дизайнына сәйкес сыртқы ауа температурасы 38 градус болғанға дейін жұмыс істейді. Ауа температурасы 38 градустан жоғары болған кезде вагон желдеткішінің тиімділігі төмендейді, бұл жолаушының шағымына негіз болды", - делінген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін астаналық Гүлмира Сәулебекова Алакөл көлінен Алматыға дейін қатынаған купелік вагонның нашар жағдайына шағымданғаны хабарланған болатын. Әйел купе вагонының ішінде 52 градус ыстық болғанын және терезелері ашылмайтыны туралы шағымданып, Facebook желісінде жазба қалдырған. 

"Бұл тікелей қатынайтын вагон "Алматы-Ақтоғай-Достық" бағыты бойынша жүреді (үш купе, үш плацкарт). Вагон "Алматы-2" станциясында №6941/6942 "Ақтоғай-Достық" қала маңы пойызының құрамына "Ақтоғай" станциясында қайта тіркеліп, "Алматы-Семей" №21/22 жолаушылар пойызының құрамына жөнелту үшін қосылады", - деді ҚТЖ өкілі.

Тасымалдаушы осы бағытта жүретін вагондар техникалық құжаттаманың талаптарына және теміржол көлігінде жолаушыларды, жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес келеді деп сендіреді.

Ұлттық тасымалдаушы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 50 жаңа вагон сатып алынған.

"2021 жылдың соңына дейін жаңа 62 тальго вагонын және желдеткіші, биодәретханалары, usb порты бар 32 жаңа жолаушылар вагонын жеткізу жоспарланып отыр. Жылжымалы құрам паркінің 2020-2029 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес 500-ге жуық жаңа вагон сатып алу көзделген", - делінген хабарламада.

"Жолаушының сапар үшін ақшаны қайтару" туралы талабына ҚТЖ "жолаушы қағидаттарға сүйене отырып, сот органдарына жүгінуге құқығы бар" деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети