11 сәуір 2018 | 12:47

52 өзбекстандықтың өлімі: Автобус иесі қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура өкілдері 52 адамның Ақтөбе облысында өртенген автобуста мерт болуына қатысты қылмыстық іске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура өкілдері 52 адамның Ақтөбе облысында өртенген автобуста мерт болуына қатысты қылмыстық іске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Брифинг барысында қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Азамат Дүйсембеков қылмыстық істің аяқталып қалғанын және күдіктілер мен олардың адвокаттарының қарауында екенін мәлімдеді. Ал автобус иесі іздеуде жүргенін айтты.

"Олар кінәсін мойындамай отыр. Ал автобус иесіне қатысты 348-бап бойынша тергеу жүріп жатыр. Әзірге бұл іс күдіктісіз жүргізіліп жатыр. Автобус иесі Мехтиев - іздеуде", - дейді Азамат Дүйсембеков. 

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы жолаушылар автобусы 18 қаңтарда өртенген болатын. ТЖК мәліметі бойынша, автобустан бес адам ғана аман шығып кете алған. 52 жолаушы оқиға орнында мерт болған. Кейін желіде оқиғаның видеосы тарады. Автобус Сарыағаш ауданындағы Жібекжолы ауылына шығып, Ресей Федерациясының Қазан қаласына жол тартқан еді. 

Қаза болғандардың барлығы ер адамдар, Өзбекстанның Наманган облысының тумалары. Олардың ең үлкені 41 жаста және араларында 19 жастағы жігіттер де болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети