Бүгін, 6 шілдеде қазақстандықтар астанамызның 22 жылдығын атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мереке 1998 жылдан бастап - Қазақстан елордасы өз мәртебесін алған сәттен бері тойланып келеді.
Бүгін, 6 шілдеде қазақстандықтар астанамызның 22 жылдығын атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мереке 1998 жылдан бастап - Қазақстан елордасы өз мәртебесін алған сәттен бері тойланып келеді.
1994 жылы 6 шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қазақстан Жоғарғы кеңесінің қаулысы қабылданды. 1998 жылы 6 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді, ал 2019 жылғы 20 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдаған соң өзінің инаугурациялық сөзінде Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынды.
Сонымен қатар, бұл күн биыл 80 жасқа толып отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.
Қазақстан Президентінің телерадиокешені мерекеге арнап елорданың қалыптасуы туралы деректі фильм дайындады.
"Нұр-Сұлтан. Қаланың қалыптасу тарихы" атты деректі фильм Ақмоланың, одан кейін облыс орталығы Целиноград қаласының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жылдары жаңа астана болып өзгергендегі таңғажайып трансформациясы баяндалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!