"7-20-25" үлгісіндегі автонесиелеудің қашан жүзеге асырылатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"7-20-25" үлгісіндегі автонесиелеудің қашан жүзеге асырылатыны айтылды © kp.ru

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев көліктердің "7-20-25" бағдарламасы үлгісінде несиеге қашаннан бастап берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев көліктердің "7-20-25" бағдарламасы үлгісінде несиеге қашаннан бастап берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан азаматтарына "7-20-25" үлгісінде отандық көліктерді несиеге беру бағдарламасын жедел түрде әзірлеуге дайынбыз. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында мүдделі органдармен және банктермен осы ұсынысты қарастыруға дайынбыз", - деді Ақышев үкімет отырысы барысында.

Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан үкімет жиналысының кеңейтілген отырысында "7-20-25" үлгісіндегі автонесилеу жобасы туралы ұсыныс жасаған еді. Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсынысты мақұлдаған болатын. 

"Біз былтыр "7 -20-25" бағдарламасын енгіздік. Оның жұмыс істеп тұрғанын көріп тұрмыз. Несиені халыққа ұлғайту үшін не істеуіміз қажет? Ұлттық банк аз уақытта азаматтар үшін елімізде шығарылатын көліктерді несие арқылы алу бағдарламасын дайындауға әзір. Бұл жоспарымыз нарықтық экономика қағидасында жүзеге асады. Бұл несие түрі "7-20-25" бағдарламасының базасы мен инфоқұрылымында құрылады", - деген еді Ақышев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети