7-9 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

7-9 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 7, 8 және 9 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 7, 8 және 9 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

7 мамыр күн құбылмалы болады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус.

Жарнама
Жарнама

8 мамырда күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +23...+25 градус.

9 мамыр күні құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +18...+20 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

7 мамыр күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +28...+30 градус.

8 мамырда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +30...+32 градус.

9 мамыр күні күн райы құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +28...+30 градус.

Қазақстанға нөсер жаңбыр мен күннің суытуы келе жатыр

Бұған дейін синоптиктер мереке күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтілетінін, күн күркіреп жаңбыр жауып, бұршақ жаууы және желдің ұйытқуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Толық болжам осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама